19.12.2018, 11:47
Қараулар: 64
АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«Жақсы кітап – жан азығы». Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – ол әрине кітапханашылар. Кітапханашы деген сөз бізге қарапайым болып естілгенімен, ол мамандықтың қыры мен сырын, қызығы мен қиыншылығын бір ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажетті, абыройлы мамандық иелерінің бірі. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Осы кітапханашылардың және кітапханалар жүйесі бойынша жыл бойына атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапханалардың жұлдызды сәті» атты шара өтті.
Шара сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалив пен кітапхана директоры Гүлдана Дәулетова сөз алып, жыл бойында кітапхана жүйелерінде жасалған игі шаралар мен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары В.Стексовтың алғысхатымен Гүлжан Базартаева, Жұбан Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Оразаеваның атынан алғысхатпен Қараоба ауылдық модельдік кітапханасы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағаливтің, облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Оразаеваның және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғаливтің атынан алғысхаттармен барлық кітапханашылар марапатталды. Сонымен қатар «Үздік кітапханашы» аудандық жобасы аясында байқау ұйымдастырылып, сол байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік кітапханашы» номинациясын жеңіп алған Ботагөз Айтмағанбетоваға диплом мен естелік сыйлық тарту етті.
Шарада сергіту ойындары ойнатылып, ән шырқалып, поэзия оқылды. Шара соңы шағын дастарханға ұласты.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар