19.12.2018, 11:42
Қараулар: 29
КЕЗЕКТІ 28 СЕССИЯ

КЕЗЕКТІ 28 СЕССИЯ

12 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымындағы кезекті 28 сессиясы өтті.
Кезекті сессияға аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, бөлім басшылары, қоғамдық келісім мүшелері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашевтің депутаттар алдындағы есебі тыңдалып, Қазталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №17-1 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу ұсынысы дауысқа салынды. Сонымен қатар сессия барысында ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін бекіту, «Қазталов ауданының Құрмет грамотасымен» наградтау, аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 наурыздағы «Аудандық мәслихаттың «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясын сайлау туралы» №1-3 шешіміне өзгерістер енгізу, аудандық мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер талқыланып, депутаттар бір ауыздан дауыс берді.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.