19.12.2018, 11:34
Қараулар: 6
ОКРУГ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОКРУГ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

7 желтоқсан күні аудан әкімінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы №258 өкімімен 7 желтоқсаннан бастап Қайыңды ауылдық округі әкімінің лауазымына Сәкен Сәлімжанұлы Ищановты тағайындады. Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова таныстырып, Сәкен Сәлімжанұлының қызметіне табыс тіледі.
Сәкен Сәлімжанұлы Ищанов 1980 жылдың 15 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Нұрсай ауылында дүниеге келген. Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінде білім алып, 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің мұнай, газ бұрғалау мамандығы бойынша, 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде қаржы-бакалавры бойынша білім алған.
2001-2002 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінде бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2007 жылдың наурыз айынан бастап Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратында жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы, 2013 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бас маманы, 2014-2016 жылдары Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратында статист, 2016 жылдың маусым айынан бастап Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманы қызметтерін атқарып келді.

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар