19.12.2018, 10:52
Қараулар: 6
ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КЕЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КЕЛДІ

Жалпақтал ауылындағы аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде ауданның құрметті азаматы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовтың жүлдесіне арналған 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті.
Туринирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Шыныбеков, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, БҚО бойынша самбо федерациясының вице президенті Рустам Шайхиев. ҚР самбо федерациясының хатшысы Нуфтолла Түменов, ҚР бірінші дәрежелі жаттықтырушысы Жеңіс Стамғазиев, ҚР самбо күресінен аға жаттықтырушы Райбек Меңдіғалиев, жерлесіміз әлем чемпионы Нұрбол Серіков қатысты.
Турнирге облысымыздың Орал шаһары, Шыңғырлау, Сырым, Жәнібек, Жаңақала аудандарының және өңіріміздің Жалпақтал, Ақпәтер, Көктерек, Қазталов, Киров, Тереңкөл, Бостандық, Қайыңды ауылдарынан 80 жуық палуандар 9 салмақ бойынша белдесуде.
Турнирден сөз алған Абат Абайұлы және Асия Рахымқызы, бапкердің шәкірті Қазбек Әкімалиев зейнеткерлік жасқа жеткен Нұрлан Қажиақпарұлына жүрекжарды тілектерін айтып, естелік сыйлық тарту етті. Сонымен қатар жас палуандарға сәттілік тіледі. Төрешілерге әділдік, палуандарға сәттілік тілеген жарыстың бас төрешісі Асқар Нұрғалиев жарыстың өту барысымен таныстырды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.