19.12.2018, 10:48
Қараулар: 47
«КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫСЫ»

«КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫСЫ»

30 қараша күні  аудандық мəдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне орай «Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада Елбасы туралы бейнеролик көрсетіліп, мемлекеттік Əнұран орындалды. Мерекелік кеш барысында сөз алған аудан əкімі Абат Шыныбеков, — Бүгін қазақ тарихында тағы бір таңбалы күн. Тұңғыш Президент күнін атап өту елдікті, еңселі Тəуелсіздікті тұғырлы ететін ерекше мереке. Барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтай отырып, еліміз еңселі болсын! -деп ауданымыздың бір топ азамат, азаматшаларына алғысхат табыстады. Осы орайда ҚР Президентінің » Астана 20 жыл» мерекелік медалімен аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығының бөлім басшысы Сергей Тоқпанов, » Ауыл еңбегі» үшін мерекелік медалімен Сауя Аралбаева, Махамбет Тайгаринов, Қолғанат Адиетов, Азамат Абуғалиев, Руслан Сарбаев, Рахимжан Вахитов, Батыс Қазақстан облысы əкімінің алғысхатымен Жалпақтал аудандық аурухананың директоры Алмас Жүнісбеков, Халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің жетекшісі Ақмарал Ғабдуллина, аудан əкімінің алғыс хатымен аудандық орталық аурухананың «Оталау» бөлімінің мейіргері Айдын Сұлтанов, Ғ.Беғалиев мектебінің директоры Ернар Ильясов, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дəулетова марапатталды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясына жаңадан қабылданған мүшелері Жанаргүл Қапоева, Индира Мəжитова, Айнұр Досқалиеваға салтанатты түрде куəліктер табысталды. Мерекелік кеште мемлекеттік қызметке қабылданушы Аслан Асқар ант қабылдады. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.