8.11.2018, 11:34
Қараулар: 4
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ БОСТАНДЫҚТА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ БОСТАНДЫҚТА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

7 қараша күні Бостандық ауылдық мәдениет үйінде Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі орталығының қызметкерлері «Қадыр жолы – дала дидары» атты көшпелі концерттік бағдарламасын ұсынды.
Қадыр Мырза Әлі орталығы туралы бейнекөрсетілім көрсетілсе, философ ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалды. Ал осы концерттік бағдарламада орталықтың мәдениет қызметкерлері, айтыс ақындары Талғат Мықи мен Орынбек Меңдіғұлов айтысып, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Алдағы уақытта осы орталықтың мәдениет қызметкерлері ауылдарға жиі шығып, өрісті малға толтырып, елдің байлығын еселеп жатқан ауыл адамдарына осындай мазмұнды бағдарламаларын жиі ұсынса деген көрермендердің де тілектерін естідік. Сонымен қатар жерлесіміз әнші Нұржан Тасболатов туған ауылын өзінің асқақ әнімен бір сусындатып кеткенін де айтқанымыз жөн.
Бостандықтық көрермендер атынан ауылдық округ әкімі Манарбек Сүндетов келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар