8.11.2018, 11:19
Қараулар: 32
«ЗАМАН» ТОБЫ МЕН БЕЙБІТ КӨШҚАЛИЕВТЫҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ

«ЗАМАН» ТОБЫ МЕН БЕЙБІТ КӨШҚАЛИЕВТЫҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ

6 қараша күні аудандық мәдениет үйінде елімізге шығармашылығымен танымал «Заман» тобы мен эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев аудан халқымен өздерінің репертуарларындағы әндермен бөлісті. «Заман» тобы концерт шымылдығын «Құштармын» әнімен түріп, «Менің жолым» , «Қарақат көзің», «Өмір-өзен» сынды әндерін шырқаса, өзінің ырғақты әуендерімен қоса биімен ерекшеленетін Бейбіт Көшқалиев «Уайымдай берме», «Қайтесің өзгені», «Лаула-лаула» сынды әндерімен халық ризашылығына бөленді. Әдемі кеш сыйлаған «Заман» тобы мен Б.Көшқалиевке аудан әкімі Абат Шыныбековтің атынан алғысхаттар табысталды. «Заман» тобының әншісі Әсет Қарабалин: — Құрылғанымызға бігінгі таңда 7 жыл толып отыр. Ел аралап, шалғай ауылдарға концерт беруді жоспарға алған болатынбыз. Алғашқылардың бірі осы Қазталов ауданы. Бұл концертімізді есеп беру деп қабылдар,-десе, Б.Көшқалиев: — Біз үшін халықтың ықыласынан асқан марапат жоқ. Қазталов халқына ризамыз. Жолдың қашықтығын ескеріп, концерттің кеш басталғанына қарамай, позитивті қабылдап отыр. Бұл әнші үшін зор қуаныш, — деді. Ал бұл концертке қатысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев: — 2 апта бұрын әлеуметтік желіге хабарландыру беріліп, афишалар ілінген болатын. Қазақ эстрадасының жұлдыздарының ауданымызда болып, концерт беруі аудан жұртшылығын бір серпілткендей болды. Жалпы концерт ел көңілінен шықты деген ойдамын – деді өз сөзінде.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар