АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

ЖАСТАРМЕН ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ

Күні , 18 рет оқылды

 Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова Жалпақтал ауылының белсенді жастарымен жүздесті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы мақсатта ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы белсенді жастардың пікірлері мен тілектерін тыңдады. -Мемлекетіміз жастарға қашан да ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында соңғы жылдары жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылауда. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бей-жай қарамай және еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы керек, — деді ауыл әкімі. Әр ел келешегінің кемел болуын жастармен байланыстырып, оларды «болашақтың тұтқасы» деп есептейді. Бұл ретте тәуелсіз елімізде өскелең ұрпақ игілігі үшін атқарылған жұмыстар көл-көсір екенін айтпай болмас. Бүгінде жас қазақстандықтар әлемнің кез келген еліндегі қатарласымен терезесі тең. Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдылықтардың біріне айналды. Жүздесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Қабдолқызы мемлекет тарапынан жастарға әрдайым қолдаудың жасалып келе жатқанын айтты. Әсіресе, елдің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


Тегтер:

Пікір қалдыру


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.