8.11.2018, 11:14
Қараулар: 84
ӘКІМ ДӘРІС ОҚЫДЫ

ӘКІМ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Жалпақтал мәдениет үйінде аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданымыздағы ірі білім ошақтарының бірі Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттеріне Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы мектепте білім алып жатырған жоғары сыныптың оқушыларына «Жастардың білім, даму, өркендеу жолындағы міндеттері» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында Абат Абайұлы ауданымызда атқарлып жатқан игі істер жайында айтып, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер туралы баяндады.
-Қайырлы күн жастар! Қазақта «Білікті бірді жығады, білімді мыңды шығады» деген сөзі бар. Білімді жастарды тəрбиелеу əрбір өркениеті дамыған елдің міндеті болып отыр. Осы орайда Елбасымыз «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарымызды шет елге оқуға мүмкіндік туғызды. Біз егерде болашақта дамыған 30 елдің қатарына енеміз десек ең алдымен саналы білім, сапалы тəрбие беруді жастардан бастауымыз қажет. Бүгінгі таңда ауданымызда білім саласында өзіндік орны бар Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде біліп алып жатырған студенттермен және қос білім ордасының жоғары сыныбының оқушыларымен кездесуді жөн санадық. Бұл тақырыптық кездесуде болашақта біз осы кəсіптік бағдарымызды қалай дамытуымыз керек, қандай мүмкіндікті пайдалануымыз керек деген көкейкесті сауалдардың шешімін бірге анықтауымыз қажет,-деді аудан басшысы.
150 тарта студенттер мен қос білім ордасының оқушылары өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Студенттер арасынан Айнұр Жарылғасова, Ихласов Нұрболат, Гүлнұр Әділ, Дильназ Бақытова, және тағы басқа да студенттер, жастар атынан Айкөркем Қанатқалиева кәсіпкерлік саланы дамытқысы келетіндерін, оның жолдары жайында, мектеп оқушылары арасында волейболдан аудан әкімінің кубогі ұйымадстырылса, ауылдарға тағы да спорттық нысандар салынса деген сауалдар тастаса, кейбір студент жастар кімнен үлгі аласыз және кімді үлгі тұтасыз деген сұрақтарын қойды. Абат Абайұлы әрбір қойылған сауалдарына тұшымды жауап бере отырып, өзінің әкесін үлгі тұтатынын, әкесінен көп нәрсені үйренгенін әңгіме етті. Бүгінде еліміздің студенттеріне алаңсыз білім алып, болашақта білікті маман болуына бар жағдай жасалған. Осыны ескерген Абат Шыныбеков Елбасының үшінші жаңғыру бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің іске асуы жастарға тікелей байланысты екенін айтты.
-Жаңғыруды қалай түсінеміз? Әр азаматтың санасын жаңғырту арқылы өз ісіне, туған жеріне жауапкершілігін арттыруы қажет. Рухани жаңғыруды баршамыз қолдап, ондағы бағыттарға кіріссек, тұрмысымыз жақсарады. Болашақ — жастардың қолында. Қоғамдық сананы жан-жақты және түбегейлі жаңғыртуға бағытталған бұл бағдарлама ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуына үндейді. Бұл ретте бірегейлігімізді, ұлттық құндылықтарымызды, ата дәстүрмізді сақтауға тиіспіз. Бүгінде биіктерді бағындыру үшін талант аздық етеді. Еңбек арқылы қоғамда көп жетістікке жетуімізге болады. Өз жетістіктерімізбен елімізге үлкен үлес қосай ық. Адам еңбекқор болса ғана өз арманына жетеді. Өскелең ұрпақ жаңалық пен білімге құштар, ұлтқа жанашыр, адамгершілікке жақын, досқа адал, шаруаға мығым болса, тәуелсіз елдің де ұпайы түгел болады,-деп түйіндеді сөзін.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.