8.11.2018, 11:07
Қараулар: 36
ЖАЛПАҚТАЛДА КТК ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

ЖАЛПАҚТАЛДА КТК ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Көркем тілдің тартымдылығын байқататын әзіл-қалжыңның өзі – тұнып тұрған шешендік өнер. Тапқырлық, ой жүйріктігі, икемділік әзіл-қалжыңы бар адамдарға үйір жүреді.
Жақында Жалпақтал мәдениет үйінің ұйымдастыруымен келер жылы «Жастар жылы» қарсаңында Жалпақтал ауылындағы мекеме жастарының арасында «Жаңғырудың жарқын жолы жастардың қолында» атты КТК сайысы оздырылды. Тартысқа толы ойынға «Лала» («Ертегі» бөбекжайы), «Жаңа STAR» («Балдәурен бөбекжайы»), «Молдашев жастары» (Ғ.Молдашев атындағы орта мектеп), «17 Легион» (Жалпақтал колледжі), «Time out» (К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп) және «Адреналин» (Жалпақтал ауруханасы) командасы қатысып, қағытпа қалжыңдарымен көрермен көңілінен жол тапты. Сайыс барысында тақырыпқа сай еліміздегі, ауылымыздағы маңызды мәселелерді қозғай білді.
Жайдарлы жайдарманшылар «Сәлемдесу», бейнебаян арқылы, «Үй тапсырмасы» сынды кезеңдер бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Жалпақтал мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен ойында «Үздік ойыншы» аталымын «Лала» («Ертегі» бөбекжайы) командасының ойыншысы Менсара Құбиева иеленді,
Нәтижесінде «Лала» командасы үздік үштіктің қатарында болса, ІІ орынды «17 Легион» командасы иеленді. Ал «Молдашев жастары» өзгелерде оза шығып, І орын алып, Кубокті жеңіп алды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар