8.11.2018, 10:57
Қараулар: 37
«ҚАЗТАЛОВ КҮЗГІ МАРАФОНЫ»

«ҚАЗТАЛОВ КҮЗГІ МАРАФОНЫ»

3 қараша күні Қазталов ауданы орталығында Елордамыз –Астана қаласының 20 жылдығына орай жүгіру маусымының жабылуына арналған «Қазталов күзгі марафоны» оздырылды.
Жаппай халықты жүгіруге ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдары және жасөспірімдер қатысып, жалпы 3,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Бұқарылық спортты дамыту мен халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Қазталов күзгі марафонына» қатысушылар жүгіруден кейін «Достық» саябағында бас қосты.
Марафонға қатысушыларды аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтап, жүгіруде белсенділік танытқандарға «Үздік ұжым», «Үздік отбасы», «Ардагер спортшы», «Ең жас спортшы» номинациялары бойынша алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар марафонға қатысушылардың құрметіне аудандық мәдениет үйінің әншілері партиоттық әндер жолдаса, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленуші жас жеткіншектері спорттық көрсетілім қойып, біліктіліктерін ортаға салды.

 

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар