8.11.2018, 10:54
Қараулар: 27
КӘСІПКЕРЛЕР САЛЫҚ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР

КӘСІПКЕРЛЕР САЛЫҚ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР

Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында мемлекеттік кірістер басқармасының Қазталов ауданы бойынша бөлім басшысы Жанар Мұқанова, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, қоғамдық ұйым өкілдерімен, ауылдың кәсіпкерлерімен кездесті.
Ауылымызда салықтан жалтарып кірісін жасырып, аз салық төлейтіндер жоқ емес. Тіпті, төлемейтіндер де бар. Соның салдарынан мемлекет қазынасына түсетін кіріс азаймақ. Ал уақытылы салығын төлеп тұрған кәсіпкерлердің кәсібі мардымсыз. Демек, табысты кәсіпкер де, аз кәсіпкер де, тіпті қарапайым заңды және жеке тұлға да мемлекетке тиесілі салықты бергісі келмейді. Кездесуде ауыл әкімі:
-Бүгінде біз жылға берілген жоспарды орындауымыз керек. Көлік, жер, мүлік салығы оңбай тұр. Кейбір дүкен иелері кассалық аппараттарын жасырып отыратындығы шындық. Мұндайда шағын және орта кәсіп иелерін тексеріп, тұтынушы түбіртек талап ету керек. Салықтан жергілікті бюджет құралады. Сол жауапкершілікті білгендері жөн. Мейлінше адал табыс табу керек. Кәсіпкер мемлекет алдындағы жауапкершілігін дұрыс түсінгені жөн,-деді Самиғолла Сафиоллаұлы. Ал бөлім басшысы да өзінің ой пікірін білдіріп, кейбір кәсіпкерлердің салық төлеуге келгенде салғырттығын, кірісін жасырып, азайтып көрсететіндігін айтты. Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, ауыл тұрғындары Ғилым Едекешев, Гүлнар Сапахова, жастар атынан Әсемгүл Хасанова пікірлерімен бөлісіп, салықтан жалтаратындарға алдағы уақытта қатаң шара қолданып, айыппұл салу керек деген ұсыныстарын айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.