23.10.2018, 10:21
Қараулар: 92
«Туған жер» этномәдени жобасы

«Туған жер» этномәдени жобасы

«Жайық Пресс» медиахолдингінің «Туған жер» этномәдени жобасы аясындағы делегацияны қарсы алу сәті.Қонақтардың арасында «Дарын»сыйлығының иегері, ақын, «Ана тілі» Ұлт газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан бар. Қазталов ауданы әкімінің орынбасары З.Мәжитованың «Жайық Пресс» медиахолдингінің «Туған жер» этно-мәдени жобасы аясындағы делегация мүшелерін қабылдау сәті. 7-11 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы оздырылып, «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестиваліне іріктеу кезеңі өтті. Сондай-ақ «Жайық пресс» медиахолдингінің бас директорының кеңесшісі Нұрсұлтан Мықтыбай шығармалар байқауына қатысушылардың жетекшілерімен кездесті. Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиевтің төрағалығымен «Жайық Пресс» медиахолдингі «Бас редакторлар клубының» алғашқы көшпелі жиынының отырысы. «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғубайдуллин 150 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған Алма Оразбаева арнайы барып, мектеп ұжымымен кездесті.
Тарихы терең білім ордасында болған Бауыржан Файзоллаұлы мектеп тарихынан сыр шертетін музейді аралап көрді.
Бұдан кейін облыстық бас газеттің бас редакторы Алма Оразбаева атындағы мектебінің ұстаздарымен кездесті. Кездесуде әр түрлі тақырыпта әңгіме қозғалып, ұстаздар қауымын мазалап жүрген сұрақтарға жауаптар берілді.

Журналист, «Ана тілі» Ұлт газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан «Бас редакторлар клубына» арналған шеберлік сыныбын өткізді. Журналисттік жолда еңбегі мол Жанарбек ағамыз өзінің тәжірбиесімен бөліскен болатын. – Ел мықты болам десе, оның жаңалық жаршылары мықты болу керек. Мен өз жолымды 1 курс оқып жүрген кезімнен , журналистің беделі «аһ» ұрып тұрған кезде бастаған болатынмын. Ол кезде тілшілер қорғалатын. Қазір тілшілерді кез-келген шараға жұмсап жатады. Бұған біз көз жұмып қарамауымыз қажет. Өз тілшілеріміздің бедерін ұстауымыз керек. Журналисттер ешбір мемлекеттік бағдарламаға енбейді. Ешбір мемлекеттен тиісті қолдауды ала алмайды. Соңғы уақытта осы бір мәселені жиі көтеріп келеміз. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, халық арасына танымал бола бастаған блогерлердің дәрежесін журналистпен теңестіру мәселесі қозғалып келеді. Бұл, әрине, келісті емес деп санаймын. Журналисттердің бедерін көтеру қажет. Одан кейін тағы бір мәселе – журналист ақпаратты жаяулап, жалпылап жүріп алған жөн секілді. Қазіргі уақытта интернет жүйесі дамыған уақытта мәліметті тиісті жерден алып, оны көзбен көру былай қалып жатады. Бұл дегеніміз өз жұмысыңа жауапкершілік аздығы немесе тілшінің «қыры» жібермеуі деп санаймын. Мен өз тәжірибемде тілшілерімді тиісті ақпарат алу үшін жіберіп отырамын. Мысалы, бір тілшімді әл-ахуалы жоғары, тұрмыс деңгейі жоғары ауылға жіберсем, екіншісі ,керісінше, тұрмыс-тіршілігі кенжелеп қалған ауылға жіберіп, екеуінен жауап күтемін. Сонда қағаздағы мәлімет пен көзбен көргенін айырмашылығы бек айқын болады.
Сондай-ақ электронды поштаға хаттар мен мақалалар да келіп жатады. Әсіресе, дін жөнінде. Бұл Қазақстанда діни ахуал көңіл қуантарлық емес екенін көрсетеді. Бір ұлттың газеті болғандықтан мен арнайы мамандарды алдырып, іріктетіп аламын. Бұндай тәжірибе кез-келген газетте қолданылуы қажет деп ойлаймын, — деген қаламгер жиналған «Бас редакторлар клубының» мүшелерімен ой-пікірлер алмасты.

облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықова Қазталов ауданының орталығындағы аурухананың дәрігерлерімен кездесті. Роза Сыйықова алғашқы саны шыға бастағанына 101 жасқа толған басылымдағы дәуір талабына сай серпіліс, жаңа бастамалар жайында кеңінен баяндады. Алдағы кезде газетте уақыт үніне байланысты жаңа айдарлар ашылады, қоғамдық тілшілермен қарым-қатыс одан әрі нығайтылады. Алдағы кезде газетте уақыт үніне байланысты жаңа айдарлар ашылады, қоғамдық тілшілермен қарым-қатыс одан әрі нығайтылады. Бас редактор сондай-ақ әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күрес, жат болмыстан сақтану, адастырмас ұлттық құндылықтарымыз басты тақырыптар болатынын әңгімеледі. -Елбасы келер жылы жастар жылы деп жариялады. Күні бүгіннен бастап жастарды патриоттыққа тәрбиелеуіміз қажет. Жастарды ауылға, туған жеріне қызмет етуге шақыруымыз керек,-деген «Приуралье» газетінің бас редакторы Елбасының күні кеше жариялаған Жолдауына тоқталды. Кездесу соңында Роза Сыйықова дәрігерлердің ұсыныс пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

«Ауыл айнасы» газетінің тілшілері

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.