23.10.2018, 10:07
Қараулар: 31
КӨШЕ МЕЙРАМЫ ӨТТІ

КӨШЕ МЕЙРАМЫ ӨТТІ

Елбасымыз «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын. Туған жерге деген ықылас пен патриотизмді қалыптастыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті ынталандыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау мақсатында 6 қазан күні Б.Момышұлы, Амангелді, Ихсанов көшелері тұрғындарының ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын тұғырым» атты көше мейрамы өтті. Бүгінде Амангелді көшесінде 24 үй болса, Ихсанов көшесінде 47 үй бар. Ал Б.Момышұлы көшесінде 23 үй бар. Бұрындары бұл көшенің тұрғындары 70 пайызы орыс халқы болып, әр түрлі мамандықтар иесі тұрған. Сондықтан көшені «Рабочий» деп атаған екен. Күні бүгінде 81 адам осы көше тұрғыны.
Көше тойының ашылуында ауыл әкімі Жүсіп Шакуов сөз сөйлеп, көше тұрғындарын көше мейрамын жақсы өткізуіне тілектес екенін жеткізді. Көше мейрамында «Алтын», «Күміс» алқа» иелері мараппатталып, көшенің ең үлкен және ең кіші тұрғындарына естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар қазан айында дүниеге келген тұрғындарына да көше комитеті атынан естелік сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын биік тұтқан қазақтың бесікке салу рәсімі де осы көше тойдан көрініс тапса, ұйымдастыру алқасының шешімімен 3 үйге «Үлгілі үй» тақтайшасы берілді. Көше мейрамы соңында спорттық ойындар ойнатылып, балаларға базарлықтар үйлестірілді. Тұрғындар туған жеріміздің ынтымақ-ырысы, байлығы мен берекесі артып, татулығы жараса берсін деген ниетпен, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар