23.10.2018, 10:00
Қараулар: 78
ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛЫП, ҰСТАЗДАР МАРАППАТТАЛДЫ

ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛЫП, ҰСТАЗДАР МАРАППАТТАЛДЫ

7 қазан — ұстаздар күні қарсаңында аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданымыз бойынша өзз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап жүрген ұстаздар қауымен кездесті. — «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан. Ұстаз деген сөзде қанша киелі ұғым, жылылық пен ұлағат ұштастырылған. Ұрпақтарды білім теңізіне жетелеген ұстаздардың жөні де, орны да бөлек. Қай кезде болмасын тәлім-тәрбие беру — ең ұлы мұрат. Мұғалімдер күні орны бөлек, дәрежесі биік мереке. Сіздерді мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы айтқандай, біз осы заманғы білім беру жүйесіндегі алысты барлап, кең ойлай білетін мұғалімдерсіз инновациялық экономиканы ешқашан дамыта алмаймыз. Сондықтан, ұстаз ұғымы бүкіл қоғам құрметтейтін қадірі мол кәсіп. Қай уақытта да үлкен үміттің үдесін сіздерден күтеміз, — деп сөзін бастаған аудан әкімі Абат Абайұлы барша ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ашық ой бөлісіп отыруға шақырды. Кездесуде ұстаздар күні бүгінгі Елбасының Жолдауында педагог мәртебесіне көңіл бөлінгеніне, келер жастар жылы болатына қуанышты екендерін жеткізіп, ауданымызда білім беру саласында жетістіктер мол екені тілге тиек етілді. Күні бүгінде ауданымызда 1081 педагог қызмет етсе, оның 8-і үш тілде білім береді. Сондай-ақ ауданымыздың 9 онлайн жүйеге қосылған болса, 31-і офлайн режимде жұмыс істейді. Ал «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Жалпақталда ашылған IT- сыныптың ерекшелігін К.Меңдіәлиев мектебінің ұстазы кездесу барысында айтып берді. Сонымен қатар мектептер өлкені тану бағытында жүйелі жасап жатқандарын жеткізді. Күні бүгінде аудан бойынша мектептер жанында музей жасақталуда. Бұл бағыттағы жұмыстар баарысында Ғ.Бегалиев орта мектебінің музейі ұзақ жылғы еңбегі өзге үлгі боларлықтай екені сөз болды. Қазіргі таңда ауданымыздың бірқатар мектептері электронды күнделікке көшіп те үлгірген. Бұл да білім саласында ілгірлеу барын көрсетеді. Бір жарым сағатқа созылған кездесуде ұстаздар түрлі пікірлер айтып, болашақ ұрпаққа білім беруде талмай еңбек ететіндерін жеткізді. Кездесу соңы «Құрмет» тақтасының ашылуына жалғасты.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан ұстаздары құрметіне тұңғыш рет Құрмет тақтасы орнатылды. Ауданымызда алғаш орнатылған «Құрмет тақтасын» ашу рәсімі аудан әкімі Абат Шыныбеков мен осы аудандық білім беру бөлімінде ширек ғасыр әдіскерлік қызмет атқарған Ағиба Сейфуллинаға берілді. Аталмыш тақта жыл сайын жаңартылып отырады. Құрмет тақтасына мектеп әкімшілігінің ұсынысы негізінде тәжірибелі, білікті шәкірттері биік белестен көрініп жүрген ұстаздар ұсынылып, Құрмет тақтасында бір жыл бойы тұру құрметіне ие болады. Күні бүгінде 20 ұстаздың есімі осы тақтада жазулы тұр. Ашылу рәсімінде сөз алған биылғы жылы Құрмет тақтасынды тұру құрметіне ие болған А.Оразбаева орта мектебінің ұстазы Бахытқаным Мырзағалиева Бахытқаным: — Әлемдік білім кеңістігінде білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі – ұстаздық. Өйткені біздің мойнымызда адам тәрбиелеу міндеті тұр. Сондықтан бір кезде тарыдай болып келіп, бүгінде таудай болып азамат атанған басқа мамандық иелерін тәрбиелеуде өз шеберлігімізді таныту — біздің басты міндетіміз. Жаһандану заманында біз өзіміздің кәсіби біліктілігімізді еңбек етеміз деген ойдамын, — деп сөзін тәмамдап, әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады. Ұлағатты ұстаздарға арналған Құрмет тақтасының ашылу салтанатының соңы аудандықө мәдениет үйінде «Ұстаз аты — биік әрі мәңгілік» атты мерекелік шараға ұласты. Мерекелік шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков пен Жалпақтал өнер мектебінің директоры Қуаныш Абиловке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мараппаты табысталса, Ғалия Сүлейменова, Гүлнар Нығметова, Ряш Молдашева, Айдар Ерболатов, Марат Бисенгалиев, Бақсиық Тақаев сынды ұстаздарымыз Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының Құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ аудандық білім беру бөлімі Шолпан Жұмабаева, Лаура Аткеева, Гүлназира Хайруллина, Әлия Оразаева, Нарша Мұханбетова, Еділ Неғметов, Раушан Құмарғалиева, Рима Хайруллина, Жаухар Даулетоваға өз алғысхаттарын табыс етсе, білім беру жүйесіндегі еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, кәсіподақ ұйымының дамуына және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ұстаздар Абзал Сүндетов, Орынғали Қабдолов, Ақылбек Құсайынов, Анаргүл Дүйсенова, Ардақ Айтимова аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы атынан мараппатқа ие болды.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Осынау қадір-қасиеті мол мамандық иелерінің құрметіне күмбірлеген күй ойналып, әннен шашу шашылса, мың бұралған бишілер өз өнерлерін паш етті.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.