28.09.2018, 16:36
Қараулар: 96
«ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ»

«ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ»

«Түбіртекті талап ет те – жүлде ұтып ал» науқаны басталды. Акцияға кез-келген қала тұрғыны қатыса алады. Мемлекеттік кірістер басқармасы ұйымдастырған 1 мамырдан басталған акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Енді, ай сайын жеңімпаздар анықталып, ең көп түбіртек жинаған тұтынушылар арнайы сыйлықтар алады.
Бұл акция Қазталов ауданында да қолдау тауып, ұйымдастырылып жатыр. Жуырда ауданымыз бойынша кірістер басқармасының мамандарымен бірге аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастары бірлесіп акцияға ат салысты. Акцияға Алма Оразбаева атындағы орта мектебінің оқушылары да тартылды. Акцияға қатысушылар аудан орталығындағы сауда орындарын аралап, кәсіпкерлер мен тұтынушыларға чек талап етуді насихаттап, өздері де арнайы парақшалар таратты.
Бұл акцияның сақсаты – түбіртекті талап ет те жүлде ұтып ал. Яғни тұтынушылар кез-келген дүкенде, жұмыста берілген түбіртегін суретке түсіріп, «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жіберуі керек. Одан соң, 1 ай бойы жиналған түбіртектерге ұтыс ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталады. Тағы бір айта кететіні, бір тұтынушы бір күнде бірнеше түбіртек жолдауға болады. Бюджетке салық түсімін көбейтіп, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру және көлеңкелі бизнеспен күресу.
Түбіртекті талап ету бұл тұтынушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, әрі салық өсіміне ықпалын тигізеді. Акцияға кез-келген ауыл тұрғыны қатыса алады. Ол үшін ұялы телефоныңызға «Wipon» мобильді қосымшасын жүктеу қажет. Онда түбіртек суретін қалай салу керектігі нақты көрсетілген. Түбіртекті көп жинаған тұтынушылар арнайы сыйлықтарға ие болады. Ал акцияның бас жүлдесіне темір тұлпар тігілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.