28.09.2018, 16:27
Қараулар: 5
ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

Қазталов ауданы облысымызда ауыл шаруашылығы дамыған және мал басының өскен аудандардың бірі. Ауданның экономикасының даму қарқыны мал шаруашылығының өркендеуімен тікелей байланысты. Сондықтанда агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік бағдарламалар аясында одан әрі дамыту, салаға жаңа технологиялар енгізу, асыл тұқымды мал басын арттыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру – бүгінгі күннің басты міндеті. Осы мәселелерді пысықтау мақсатында, шаруаларды бүгінде не толғандырады, мал шаруашылығын дамыту әулеті қандай, инвесторларға қандай мүмкіндіктер бар? -деген сұрақтарына жауап беру мен талқылау үшін осы аптада ауданымызға облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов сала мамандарымен бірге жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
Сапар барысында қонақтар Талдыапан ауылдық округінде болып, Лиман 55 суармалы каналының жәй-күйімен танысты. Сапары барысында облыс әкімінің орынбасары «Терра» ЖШС өкілдерімен бірге осы аймақта мал бордақылау кешенін салу мүмкіндіктерін саралады. Ауданымызға ат басын тіреген инвесторға біздің өңірде мал шаруашылығын дамытудың тиімділігін көрсеткен Игорь Валерьевич қонақтарды округтің істері алға басқан шаруашылықтарын аралатты. Бұдан кейін Талдыапан ауылында ауданның бірқатар шаруа қожалық жетекшілерімен кездесіп, ауыл шаруашылық саласының біраз мәселелерін талқылап, ашық-жарқын әңгімелесті.

«Ауыл айнасы» ақпарат