28.09.2018, 16:13
Қараулар: 7
ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

26 қыркүйек күні аудан әкімдігінде алдағы қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілісте қысқа мал азығын дайындау туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Айбек Акмалиев, аудан бойынша әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы туралы аудандық тұрғын үй, автомобиль жолдары және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов баяндама жасады.
Баяндамалардан түсінгеніміз, биыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан Қазталов ауданы 235,3 мың тонна мал азығын дайындау қажет екендігі туралы жоспар берілген. Облыс жоспары 24 қыркүйек күнгі қорытынды мәліметке сәйкес 97,4 пайызды орындалып отыр. Ал аудан әкімшілігінің қойған жоспары 350,0 мың тонна. Аудан бойынша барлық ауылдық округтердің мал қыстағы уақытына дайындығы ағымдағы жылдың 21-25 қыркүйек күндері аралығында тұрғылықты жеріне бекітілген кестеге сәйкес, жауапты мамандар барып толықтай тексерулер жүргізген. Нәтижесінде қысқа мал азығын дайындау барлық округтерде толық болмаса да 80-90 пайызға жақын орындалып отырғаны анықталған.
Ал аудандағы әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығына келсек, ауданның білім беру жүйесі 41 мектеп ( 20 орта, 7 негізгі, 14 бастауыш) 16 балабақша және 3 мектептен тыс білім ұйымдарынан тұрады. Соңын ішінде 41 білім ошақтары көгілдір отынмен (16 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 4 бастауыш мектеп, 5 мектеп жанындағы интернат, 15 балабақша) 4 нысан сұйық отынмен (3 орта мектеп, 1 балабақша) 19 нысан қатты отынмен (1 орта мектеп, 6 негізгі мектеп, 10 бастауыш мектеп, 1 мектеп жанындағы интернат, 1 мектеп жанындағы шағын орталық) жағылады. Сондай-ақ ауданымызда 18 мәдениет үйі мен ауылдық клубтар көгілдір отынмен, 2 мәдениет үйі сұйық отынмен, 15 ауылдық клуб ошақтары қатты отынмен жағылады. Нысандардың дайындығын арнайы құрылған мамандар тобы тексеріп, кейбір әлеуметтік ныснадардың жылыту қазандықтарының жарамсыздығы мен қатты отытындардың дер кезінде жеткізілмей отырғандығы анықталған.
Жиында сөз алған аудан әкімі Абат Абайұлы,- Алдағы қыстың қандай мінез танытатыны белгісіз. Сондықтан жылыту маусымына дейін барлық әлеуметтік нысандардардағы дайындық жұмыстарын бітіріп, анықталған ақауларды уақытылы түзету керек. Сонымен қатар қатты және сұйық отындары жеткізілмеген ауылдарға тасымал ұйымдастыруды да бақылауға алуды тапсырамын,- деді.
Жиын соңында қысқа мал азығын дайындауға және жылыту маусымына жауапты мекемелер мен бөлімдердің басшыларына, округ әкімдеріне біраз тапсырмалар жүктелді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар