28.09.2018, 16:09
Қараулар: 51
АХУАЛ БІР ҚАЛЫПТЫ

АХУАЛ БІР ҚАЛЫПТЫ

26 қыркүйек күні аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға арнайы құрылған комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына азаматтық қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты мекемелер мен бөлім басшылары, округ әкімдері қатысты.
Отырыста аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Абай Насиповтың ауданымыз бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Баяндамашының сөзіне қысқаша тоқталсақ, жыл басынан күні бүгінге дейін бөлімнің есепке алу кітабына 67 хабарлама тіркеліп, соның 17-сі өрт оқиғасы, 12-сі авариялық құтқару жұмыстары, 37-сі жану оқиғалары (соның ішінде 10-ны дала өрттері), 1 суға бату фактісі орын алған. Орын алған дала өрттері уақытында сөндірілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда дала өрттері 12 пайызға азайғаны байқалады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында арнайы айлықтар ұйымдастырылуда. Сол кезде аудан тұрғындарымен түсінік жұмыстары жүргізіліп, парақшалар таратылған. Жалпы ахуал бір қалыпты.
Бөлім басшысының есебін тыңдаған аудан әкімі дала өрттерін болдырмау үшін ауыл шаруашылық техникаларын мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтамағандарды дала жұмыстарына жібермей, қажет болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Отырыс барысында аудандағы мемлекеттік коммуналдық шаруашлық кәсіпорындары мен газ шаруашлығы, электр торабы мекмелерінің төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары мен қысқа дайындығы туралы хабарламалары тыңдалып, жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Қайрат ЖАҚЫП