28.09.2018, 16:04
Қараулар: 3
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

26 қыркүйек күні Қазталов ауданы әкімдігінде аудан әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сисенғали Нығметовтың төрағалық етуімен округ әкімдері, мекеме басшылары мен аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің басын қосқан отырыс өтті.
Қоғамдық кеңестің отырысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Өтебаев құрылыс бөлімінің ауданымыз бойынша атқарған және алдағы тұрған міндеттері туралы есеп берді. Бөлім басшысының есебіне үңілсек, биылғы жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 5 жоба бойынша 10 елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қазталов ауылындағы саз мектебінің құрылысы мен құрылыс мотаж жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталған. Тұрғын үй мәселесі бойынша Жалпақтал ауылындағы Байқоңыр көшесінде орналасқан 12 пәтерлік 2 қабаттыы тұрғын үй құрылысы жүруде. Сонымен қатар ағымдағы жылы 13 елді мекенді газбен қамту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталуда.
Кеңестің күн тәртібіндегі тағы бір ұсынылған мәселе: типтік жобадағы жылдың төрт мезгілінде демалатын демалыс лагерлерінің жобалық сметалық құжаттарын дайындау болды.
Сондай-ақ қоғамдық кеңес отырысында кеңес мүшелері өз өтінішіне сәйкес Мұрат Ахметжановты аудандық қоғамдық кеңес құрамынан шығаруға және аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне Мирболат Мырзағалиев пен Қайрат Жақыповты сайлауға бірауыздан дауыс берді.
Аудандық қоғамдық кеңес отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Отырыс соңында арнайы қарар қабылданды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.