4.09.2018, 17:17
Қараулар: 111
БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ

БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ

4 қыркүйек күні аудан орталығында аудандық ішкі істер бөлімі, жергілікті полиция қызметі басшылары және аудандық білім бөлімінің мамандарының қатысуымен баспасөз брифингі өтті.
Брифингке қатысқан қоғамдық ұйым өкілдері, мекеме қызметкерлерінің алдында аудандық ішкі істер бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы полиция полковнигі Амангелді Убишев, жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Әділ Ғазизовтар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауданымыз бойынша 8 ай ішінде атқарылған жұмыстары туралы айтып өтті.
Қысқаша тоқталып өтсек, ауданымыз бойынша 8 айдың ішінде 177 қылмыс фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға төмендеген. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші 91,5 пайызға жетіп отыр. Негізінен алаңдатушылық туғызып, ашылмай отырған қылмыстардың қатарында мал ұрлығының фактілері. Бұл қылмыстармен қоғам болып күресу керектігі туралы айтылды брифингте.
Сонымен қатар баспасөз брифингінде аудандық балалар тәрбие орталығының директоры Нұрлан Жасқалиев балалардың жазғы демалысы туралы хабарлама жасады. Оның сөзіне де тоқталсақ, ағымдағы жылдың 1 маусым — 9 тамыз аралығында ауданымызда балаларға арналған 4 жазғы демалыс лагері жұмыс жасап, бұл лагерьлерде 804 оқушы демалған екен. Оқушыларға әр түрлі бағыттарда қызықты делалыстар ұйымдастырылған.
Брифинг барысында айтылған мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Қайрат ЖАҚЫП

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.