4.09.2018, 17:02
Қараулар: 97
СӘЛЕМ САҒАН, МЕКТЕБІМ!

СӘЛЕМ САҒАН, МЕКТЕБІМ!

Елбасы Н.Назарбаев республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім.
1 қыркүйек күні шекарада жатырған Көпкүтір елді мекенінің мектебі тоғыз жылдық білім беретін негізгі мектеп болып құрылды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Райгүл Аткешеева, Болашақ ауылдық округінің әкімі Қобылан Тұрақбайұлы қатысып көпкүтірліктерді айтулы қуаныштарымен құттықтады. Сонымен қатар мектептің мерекелік шарасына ақсақалдар алқасының төрағасы Қамидулла атамыз қатысып, білім ордасының лентасын қиды.
Білім күні ашылған білім ордасының жетістіктері мол болсын дейміз.

«Ауыл айнасы» ақпарат