4.09.2018, 16:59
Қараулар: 44
«СӘЛЕМ САҒАН СҮЙІКТІ, АЛТЫН ҰЯМ МЕКТЕБІМ»

«СӘЛЕМ САҒАН СҮЙІКТІ, АЛТЫН ҰЯМ МЕКТЕБІМ»

1 қыркүйек — Білім күні Бостандық орта мектебінде «Сәлем саған сүйікті, алтын ұям мектебім» атты салтанатты жиын өтті. Білім күні мерекесінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Әлжанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, Бостандық ауылдық округі әкімі Манарбек Сүндетов, Нұр Отан бастауыш партия ұйымының төрайымы Алтын Ақбаева, ардагер ұстаз Ақсұлу Жаулап өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына табыс тіледі.
Мектеп биылғы оқу жылын 297 оқушымен бастап отыр. Оның жиырмасы бітіруші түлектер болса, 26 оқушы мектеп табалдырығын аттап отыр. Ал 1,2,3,6,7,8 сыныптар жаңатырылған білім мазмұнына көшкен.
Салтанатты жиынға қатысқан қонақтар жиыннан соң тәрбие сағаттарына қатысып, тілдерді дамыту басқармасының бөлімі басшысы оқушылармен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын кейбір түйткілді мәселелерге тоқталып, әңгіме өрбітті. Соның бірі ономастикалық атаулардың маңыздылығы, ұлттың өзіндік ерекшелігі болу тиіс аты-жөні, адам есімінің өміріне әсері жөнінде бөлісіп, қазақ елінің саналы, білімді ұрпақ болуына тілектестігін білдірді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар