4.09.2018, 16:30
Қараулар: 125
ҚУАНЫШҚА ҚУАНЫШ ЖАЛҒАСҚАН КҮН

ҚУАНЫШҚА ҚУАНЫШ ЖАЛҒАСҚАН КҮН

Білім мерекесі Талдыапан ауылдық округінің орталығы мен барлық елді мекендерде тойланды. Үстеріне мектеп формасын киіп, ақ бантик тағынған қыздар мен сөмке асынған ұлдар ұлағатты ұстаздарына гүл шоқтарын ұсынып жатты. Айтулы шарада ортаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, мектеп басшысы Руслан Кенжеғалиев жиылған жұртшылықты Білім күнімен құттықтап, оқу ордасының жеткен жетістіктерін сөз етті. “Күш — білімде, білім — кітапта” деген нақылға сүйене отырып, жас буынды жақсы оқып, ел абыройын асқақтата түсе берулеріне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ салтанатты шарада округ әкімі Асқар Есқалиев мерекелік жиынға жиналған оқушылар, ұстаздар мен ауыл тұрғындарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өресі биік еліміздің мерейін асыратын азаматтар болуына тілек білдірді. Іс -шарада оқушылар əн шырқап, би биленсе, 1 сынып оқушылары салтанатты алғашқы қоңырауды соқты.
Одан кейін ауыл тұрғындары орталық алаңда бой көтерген балалар ойын алаңының ашылуына куə болды. (31 тамыз күні кеште құрылған ойын алаңын бүгін таңертең көрген бүлдіршіндер таңданыстарын жасыра алмай мəз). Ашылу салтанатында сөз алған Талдыапан ауылдық округнің əкімі Асқар Есқалиев ауданнан ең шалғай жатқан талдыапандық бүлдіршіндерге осындай тамаша алаң жасақтауға жағдай жасаған аудан əкімдігіне алғыс айта отырып, ауылдың ажарына ажар қосқан алаңның бүлдіршіндер игілігі үшін ұзақ жылдар қызмет көрсетуіне тілегін білдірді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.