4.09.2018, 16:26
Қараулар: 36
ЖАЛПАҚТАЛ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ БІЛІМ КҮНІ

ЖАЛПАҚТАЛ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ БІЛІМ КҮНІ

Қыркүйектің 1-і күні Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде «Білім күні» аталып өтті. Салтанатты мерекеге колледждің ұстаздары, ата-аналар, студенттер қатысты.
Салтанатты шараны колледжі басшысы Мағауия Есмағұлов ресми құттықтауымен кешті ашып берді. «Біздің еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуда ең алдымен адами капиталды дамыту, оның ішінде халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету басты міндет», дей келе, өткен оқу жылында жеткен жетістіктерін саралап, бірақтар ұстаздар мен студенттер қауымын Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасы мен облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады.
Ал Жалпақтал колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Ғұмаров, жеке кәсіпкер Гүлбану Шукаева, Жалпақтал аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сапахова студенттерді білім күнімен құттықап, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиыннан соң студенттер мен ата – аналар әр курс бойынша ұйымдастырылған топ жетекшілері мен өндірістік оқыту шеберлерінің «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» атты тақырыбында жоспарланған тәрбие сағаттарына қатысты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар