4.09.2018, 16:21
Қараулар: 115
АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШҚЫ РЕТ ІТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШҚЫ РЕТ ІТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы Елбасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуына атсалысуда. Осыған орай 1 қыркүйек білім күнінде Жалпақтал ауылының К.Меңдәлиев атындағы орта мектебінде ІТ-сыныбының ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш сыныптың тұсаукесеріне «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков арнайы келіп, ұжымды, оқушылар мен ата-аналарды сыныптың ашылуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мақсаты – оқушылардың ІТ технологияға қызығушылығын арттыру және жазғы демалыстарын тиімді өткізу. Балаларға арналған тегін IT- сыныбында 8-16 жас аралығындағы балалар еуропалық білім беру стандарты негізінде, факультативті пән ретінде тереңдетілген білім алатын болады. Білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттілігін ескерсек, бұл міндетті жүзеге асыруда «IT – сыныптан» үлкен көмек болмақ.
-Облыс бойынша 15 ІТ сыныбы ашылу керек болса, соның бірі ауданымызда алғашқы рет К.Меңдәлиев атындағы орта мектепте ашылып отыр. Бұл сынып балаларды мектеп табалдырығын аттап, бітіріп шыққан уақытта үлкен бір мамандық иесі болып шығу үшін жасалып жатыр,-дейді Ерболат Мұратқалиұлы. Ал К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Назерке Наурызғалиева мектеп оқушылары үшін үлкен қуаныш екенін, ел ағаларына шексіз ризашылығын білдірді.
Ауылымызда ашылып жатқан алғашқы ІТ-сынып жөнінде: «Бұл ІТ сыныбымыз өте маңызды. Қазіргі жыл өткен сайын заманның қойылып жатқан талаптары да өзгеше. Облыста «Нұр Отан» партиясының бастамасымен бірнеше ІТ-сыныптар ашылып жатса, міне, бүгін өзіміздің алғашқы ІТ-сыныбымыз К.Меңдәлиев атындағы орта мектепте ашылып отыр. Бұл біздің балаларымызға үлкен мүмкіндік» — дейді мектеп басшысы Салтанат Өтеғұлова.
Айта кетсек, «IT- технологиялар» кабинетін ашу мектеп түлектерінің қолдауы арқылы жүзеге асқан. Жаңа технологиялармен жабдықталған кабинет жастардың цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология, химия-биология бағытында ғылыми-зерттеулермен айналысуларына, шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.