4.09.2018, 16:17
Қараулар: 102
Ғ.МОЛДАШЕВ МЕКТЕБІНДЕГІ БІЛІМ КҮНІ

Ғ.МОЛДАШЕВ МЕКТЕБІНДЕГІ БІЛІМ КҮНІ

Арайлы жаздың үш айын қызықты да, мазмұнды өткізіп, армандарын арқалап, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің барша оқушылары сағынышпен алтын ұя мектептеріне оралды. Еліміздің тірегі мен көркі – білімді де білікті, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген саналы ұрпақ.
Қыркүйек айының бірінші жұлдызы, Жалпақтал ауылындағы Ғ.Молдашев атындағы орта мектебі білім күнін жақсы дайындықпен қарсы алды. Ортаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы әкелініп, мерекелік жиын ашық деп жарияланысымен, әуезді Әнұранымыз орындалды.
Мерекенің алғы сөзі мектеп директоры Гүлмайра Абуғалиева сөз сөйлеп «Мектебімізде сапалы білім мен саналы тәрбие беруге барлық жағдай жасалған. Жаңа оқу жылына білім ордасы сақадай сай»-дей келе, барша жиылған ауыл тұрғындарын қуанышқа толы мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына жаңа табыстар, биік белестер тіледі.
Сондай-ақ мерекелік шараға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков оқушылардың жеткен жетістіктерін сарпалап, оқушылар мен ұстаздар қауымын, ата-аналарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Мектеп атты кемеге кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері елжіреп жүрген ойын балалары, қасиетті ұғым «оқушы» ретінде алғашқы ұстазы Данагүл Ермекова бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған кішкентай бүлдіршіндер ұстаз, алтын ұя мектеп туралы тақпақтарынан шашу шашты.
Мерекелік шараның ең маңызды сәті – алғашқы қоңырау соғу рәсімі жаңа ғана мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер Расул Бақтығали, Мейірбек Гайсин, Көркем Алим, Нұрдана Қайратоваға табыс етілді.
Білім теңізіндегі үлкен сапарларыңда талмай ізденіп, «Мектеп» атты кеменің желкенін биік те нық ұстаңдар, ақ жол, сапарларың сәтті болсын деген ниетпен 1-сынып оқушылары білім ордасына бастап кірді. Салтанатты мереке білім күніне арналған «Мен – өз Елімнің патриотымын» тақырыптарындағы тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.