4.09.2018, 16:13
Қараулар: 35
К.МЕҢДӘЛИЕВ МЕКТЕБІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ ҮНІ

К.МЕҢДӘЛИЕВ МЕКТЕБІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ ҮНІ

Жайдары жаз мезгілі межесіне жетіп, міне күз айы да келіп жетті. Күзбен бірге кезекті оқу жылы басталып, бала біткен мектепке қарай асығады. 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі республикадағы барлық өңірлердегі секілді, біздің Жалпақтал ауылында да өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді.
25 жылдық тарихы бар К.Меңдәлиев атындағы орта мектепте 63-ке тарта ұстаз қызмет етіп келеді.
2017-2018 оқу жылын 24 түлек тәмамдаса, биыл қасиетті қара шаңырақтың табалдырығын 42 бала аттағалы отыр. Қолдарына гүл ұстаған сол жасөскіндердің қатысуымен өткен іс-шарада алдымен Мемлекеттік Ту ортаға шығарылып, Әнұранымыз шырқалды. Онда сөз сөйлеген аудандық «Нұр Отан» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин:
-Сапалы білім алу – әр адамның маңызды мақсаты. Қоғамда бұған мүдделі. Әрбір ұжым күнделікті жұмысында уақыт талабына, қоғам сұранысына, заманның ырғағына сай келетін әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолдана огтырып, сапалы білім беретін болса, біз уақыт үрдісіне сай биік деңгейде көрінетін боламыз. Жаңа оқу жылында шығармашылық ізденістерге толы еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған соғылғалы тұрған алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын,-деп игі тілегін арнады. Мұнан кейін мектеп басшысы Салтанат Өтеғұлова барша мұғалімдерді, оқушыларды, олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Аталмыш білім ордасында қызмет етіп жүрген білікті мамандардың ықпалымен өнерлі, оқуда озат жастардың жетіліп келе жатқанын келешектің келісті болуы үшін саналы да, сапалы ұрпақ тәрбиелеу керектігін, бұл жолда ұстаздар қауымының талмай еңбек етуі қажеттігін атап өтті. Білім күнінде 1 сыныпқа қабылданған Алина Ерболқызы мен Дастан Серіков алғашқы қоңырауды соқты. Салтанатты жиын соңында «Мен — өз Елімнің патриотымын» тақырыбында білім сабағы өтті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар