4.09.2018, 16:06
Қараулар: 98
«МЕН — ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН»

«МЕН — ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН»

Ұстаздар мен оқушылардың аңсап күткен 1 қыркүйек – Білім күні де келіп жетті. Құшақ-құшақ гүлдері мен кітап толған сөмкелерін арқалаған балалар мектепке қарай ағылуда…
1 қыркүйек күні Қазталов ауданы орталығындағы 150 жылдық тарихы бар білім ордасында да Білім күніне арналған «Мен — өз елімнің патриоты» атты салтанатты шара оздырылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков, осы мектептің түлегі, «Ақжайық» телеарнасының директоры Аланбек Ғұбашев, ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі Абат Абайұлы жиналған көрпшілікті және ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, ауданымыз бойынша білім саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті.
Шарада 1-ші сыныптың табалдырығын енді ғана аттаған оқушылар өз қуаныштарын поэзия топтамалары арқылы жеткізсе, оқушылар мен ұстаздар қосылып ән шырқады.
Шарада алғашқы қоңырауды 11 а сынып оқушысы Әзілхан Идрисов пен 1 а сынып оқушысы Ақнұр Набиуллина соғып, көптен күткен қоңырау үні мектептің ауласында әуеледі. Алғашқы қоңыраудан кейін әр сыныпта «Мен — өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағаттарымен жалғасты.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.