4.09.2018, 15:43
Қараулар: 32
НҰРСАЙДА «ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ!» АТТЫ МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА АШЫЛДЫ

НҰРСАЙДА «ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ!» АТТЫ МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА АШЫЛДЫ

Бүгін қазақ елінде мерейлі мереке. Тәуелсіздіктің төлқұжаты іспетті Конституциямыздың мейрамы. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің , еңселі егемендігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз сіз бен біздің құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтасыз етіп келеді.
Осы Ата Заң күні Тереңкөл ауылдық округінің орталығы Нұрсай ауылында майданға аттанған барлық жауынгерлердің есімі жазылған даңқ мемориалы ашылды. Ашылу салтанатында округ әкімі Ернар Ғалымов сөз сөйлеп, барша халықты мерекемен құттықтады. Аудандық мәслихат хатшысы Сәрсембай Молдашев пен ауыл ақсақалы Едіге атамыз мемориалдық ескерткішті ашса,ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев пен Абуғали Ғұмаров мәңгілік алауды жағып, елді қуаныштарымен құттықтады.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасы аясында осыған дейін «Менің жүрегім – Нұрсай» композициясы мен тарихи-өлкетану музейі ашылған болатын. Енді мені бұл жобалардың қатары мемориалды тақтамен толығып отыр. Ескерткіш тақтаға 334 жауынгердің аты-жөні қашап жазылып отыр. Әлі зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр, алдағы уақытта бұл тізім толығуы әбден мүмкін. Мемориалды тақтаны орнатуда ел азаматтары, меценат Абуғали Ғұмаров пен Дамир Балмулдин өз ықпалдарын тигізіп, ел алғысына бөлінуде.

Гүлнұр ҚАЗБЕК