4.09.2018, 10:44
Қараулар: 84
АТА ЗАҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АТА ЗАҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

29 тамыз Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінде Ата заң күні аталып өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Абат Шыныбеков: — Конституция мемлекетті шын мәніндегі бақытты қоғамға бастауға қабілетті құндылықтарды өмірге әкелуге қуаты мен ықпалы жетерлік тарихи құжат. Мұнда мемлекеттік басқару мен бұқаралық биліктің үйлесімді түрде ұштасуы бар. Еліміздің Ата Заңы қоғамдық құндылықтың алтын арқауы және мемлекеттік биліктің бастауы. Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес. Оның тұтас болмысынан мемлекетіміздің мерейі мен халқымыздың қалауы менмұндалайды.
Еліміздің Ата Заңы мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнеленген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық. Келе жатқан мереке құтты болсын, жерлестер! – деп өз құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар Ата заң күніне тұспа-тұс келіп, шаңырақ көтеріп жатқан жастарға неке куәлігі табыс етілді. Салтанат шара соңы мерекелік концертке ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат