4.09.2018, 10:37
Қараулар: 97
ИТАЛИЯНДЫҚ САЯХАТШЫ ҚАЗТАЛОВТА

ИТАЛИЯНДЫҚ САЯХАТШЫ ҚАЗТАЛОВТА

29 тамыз күні жұмыстан қайтып келе жатып, мына бір қызықты жағдайға тап болдым. Қазталов аудан орталығындағы орталық алаңда өтіп бара жатырғандардан жөн сұрап тұрған мотоцикл мінген адам көзіме оттай басылды. Ағылшын тілінде сөйлеп тұрған азаматты ешкім түсінер емес. Мен де азды-көпті білетін «ағылшыншамды» шашуыма тура келді. Қош келдің!- айтып, жөн сұрағанымызда, өзін Фабио Балдини деп таныстырған жігіт ағасы Италия елінің азаматы екен. Италияның Понсакко қаласынан мотоциклмен шыққан Фабио Өзбекстан республикасының Самарқанд қаласына саяхат жасауда. Еуропаның Словения, Венгрия, Словакия, Польша, Украина, Ресей елдерін басып өтіп Қазақстанға келген. Қазталовқа дүкеннен азық-түлік алу үшін және мотоциклге жанармай құю үшін бұрылған екен. Фабиодан саяхаты туралы әңгімелеп беруді өтіндім:
— Мен әлемге саяхат жасауды ұнатамын. Италияның Понсакко қаласыныда тұрамын. Ол жерде «FlexPorte» деген саяхат фирмасын басқарамын. Бұл бағытқа саяхат жасауға тарихи қала Самарқанды көру арманы тұр. Кең даласы бар Қазақстан жері де әдемі екен. Сіздерге көп рахмет! – деп ағынан жарылды.
Фабиоға сәттілік тілеп, қоштастым.

Қайрат ЖАҚЫП

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.