28.08.2018, 11:52
Қараулар: 3
«БИЛЕР КЕҢЕСІН» ЖАҢҒЫРТУМЕН ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛАРЫМЫЗ ХАҚ!

«БИЛЕР КЕҢЕСІН» ЖАҢҒЫРТУМЕН ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛАРЫМЫЗ ХАҚ!

25 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы сотының судьясы Есенбай Боранбаевтың қатысуымен Қазталов ауданының билер кеңесімен жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков күні бүгінде ауданымыз бойынша 16 ауылдық округте 61 адамнан тұратын билер кеңесі құрылғандығы туралы айтып өтсе, облыстық сот судьясы қазақ елінің мемлекеттік билігінде билер соты ерекше орын алатыны жөнінде сөз қозғады.
Билер кеңесінің бастаулары ғұн, үйсін дәуірлеріне барып тіреледі. Ал қазақ хандығы құрылғаннан кейін, көптеген ғалымдар мойындап жүргендей, Тәуке хан тұсында билер кеңесі, өзінің дамуының шыңырау шегіне жеткендей болған. Билер кеңесі осы кезеңде дараланып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының маңызды мәселелерін шешетін органға айналды. Бұндай орган осы күн үшін де артық етпес еді. Егер бабалар ізімен билер кеңесін жаңғырта алсақ, ұлттық тәрбие, тәртіп, ағайынның ауызбіршілігі, тағы басқа салаларда өзгелерге үлгі боларымыз хақ, -деді Е.Боранбаев.
Жиынға қатысқан билер кеңесінің мүшелері билер кеңесінің жұмыс істеу форматын айқындап алу, жүгінетін мәселе бойынша шешім қалай қабылдау қажеттігі жөнінде, медациядан ажыратып тұратын айқын белгілері болуы және тағы басқа да мәселелер жөнінде сөз етіп, жаңадан құрылып жатқан билер кеңесі туралы ой-пікірлерін ортаға салып, түрлі ұсыныстар білдірді .

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар