28.08.2018, 11:49
Қараулар: 64
САУДАСЫ ҚЫЗҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

САУДАСЫ ҚЫЗҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Жалпақтал ауылының орталығы — мәдениет үйінің алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Жалпақтал, Жаңажол, Қараөзен, Көктерек, Ақпәтер ауылдық округтерінің кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары қатысты.
Жаз айының шілдесінен бастап ұйымдастырылып отырған ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жалпақтал жұртшылығы ерекше ықылас танытты. Таңертеңнен жәрмеңке маңына жиналған халық тарқамады. Әсіресе, тұрғындар ауылдан келген өнімдерді әп-сәтте алып кетті. Жәрмеңкеге қатысқан округтердің кәсіптерін дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтар қауыны мен қарбызын, құрты мен қаймағы, майы, қияры мен қызанағы, алмұрт пен қуырдақ осы жәрмеңкеден табылып жатты. Тіпті кейбір округтер қоян мен қаздың да саудасы осы жәрмеңкеде болды. Ал шаруа қожалықтары бір рулон мал азығының бағасы 2500-3000 теңгеден сатылды. Келген шаруалардың саудасы жақсы жүрді. Таң сәріден басталған жәрмеңкеге келген шаруалардың біразы түске дейін алып келген өнімдерінің біразын өткізіп үлгерді.
-Шілде айында басталған бұл жәрмеңке өз деңгейінді ұйымдастырылып отыр. Жалпы бүгінгі шараға Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол, Ақпәтер, Көктерек ауылдық округтерінің кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары қатысуда. Жәрмеңке болған соң бағалары көңілге қонымды. Жәрмеңке әр сенбі сайын өткізіліп келеді. Мұндай жәрмеңкені өткізу халық үшін өте пайдалы,-дейді Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Меңдіхан Мұқасұлы.
Төмен бағамен азық-түлік алған халық жәрмеңкеге дән риза болды. Шара тұтынушылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, Жалпақтал мәдениет үйінің үйінің ұжымы концерттік бағдарламалары, жастары лоторея билеттерін ұйымдастырды.

Тұрарбек АҚМЫРЗА