27.08.2018, 17:15
Қараулар: 60
БИЛЕР КЕҢЕСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БИЛЕР КЕҢЕСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23 шілде күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайырбековпен бірлескен Қазталов ауылдық округінен сайланған билер кеңесінің кездесуі өтті. Кездесуге билер кеңесімен қоса қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуде баяндама жасаған Қазталов аудандық сотының төрағасы: — Қазіргі кезде Билер кеңесі БҚО барлық аудандарында және Ақтөбе облысының бірқатар ауылдық округтарында жұмыс істеуде. «Билер кеңесін» белгілі бір мерзімге, мысалы 1 жыл мерзімге сайлауға, немесе тұрақты түрде сайлауға болады.Билер кеңесі сол ауылдық округ тұрғындарының, екі адам арасындағы дауларын, отбасын сақтап қалу мәселелерін қарап, азаматтық даулар, қылмыстар бойынша істерді сотқа жеткізбей тараптарды татуластыруға, бітімге келтіруге және басқа да сұрақтарды шешіп отыруға септігін тигезір еді деген ойдамын.
Бабалар ізімен билер кеңесін жаңғырта алсақ, ұлттық тәрбие, тәртіп, ағайынның ауызбіршілігі, т.б. салаларда өзгелерге үлгі боларымыз хақ, — деді өз сөзінде.
Кездесу барысында билер кеңесінің маңыздылығы мен атқарылатын қызметтері жөнінде кеңнен айтылып, қойылған сауалдарға тиісті тарап өкілдерінен жауап қайтарылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар