27.08.2018, 17:10
Қараулар: 89
ЕЛ АНАСЫ АСЫЛҒАНЫМ БЕКЖАНОВА – 90 ЖАСТА

ЕЛ АНАСЫ АСЫЛҒАНЫМ БЕКЖАНОВА – 90 ЖАСТА

23 тамыз күні Бірік ауылдық округінің әкімі Батырхан Байғонақов тыл және еңбек ардагері, ауыл шаруашылық саласында аянбай қызмет еткен ардақты ана Асылғаным Әбілқайырқызы Бекжанованы қабылдап, 90-ға толған мерейлі жасымен құттықтады.
Қабылдауда округ әкімі абыз анаға ізгі тілегін білдіріп, ықылас көрсетті.
— Өзіңіздей ақылы кемел, аузы дуалы елдің анасы арамызда аман жүргені – бізге үлкен мәртебе. Сіздің өміріңіз кейінгі жастарға үлгі-өнеге, олар ойын да, бойын да сіздерге қарап түзеуі керек. Жасыңыз жүзге жетсін, алдымызда ақылшы абыз анамыз болып аман жүріңіз!- деген тілегін жеткізіп, алғысхат табыстаса, округтегі қоғамдық ұйым өкілдері анамызға комзол кигізіп, ақ жаулық тарту етті.
Сонымен қатар, қабылдауға арнайы келген аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина өз атынан және аудандық ардагерлер кеңесі атынан құттықтау тілегін жеткізіп алғысхат пен естелік сыйлығын ұсынды.
Асылғаным Әбілқайырқызы – жастайынан еңбекке араласып, жолдасы Еслямғали екеуі жылқы өсіруде аянбай еңбек еткен. Сол заманның бейнетіне төзіп, ауыл шаруашылық саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ана тәрбиелеп өсірген 3 ұл, 3 қызынан тараған ұрпақтарының арасында бақуатты ғұмыр кешуде.
Осындай құрметке риза болған ел анасы,- Маған деген ақ пейілдеріңе разымын. Азаматтар аман болсын, ел аман болсын! — деп аналық ақ батасын берді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.