22.08.2018, 16:25
Қараулар: 115
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Құрбан айт ұлық мерекесі құрметінің алғашқы күніне орай Жалпақтал мәдениет үйінің алаңында спорттық шаралар оздырылады. Бұл шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков арнайы келіп, жалпақталдық ағайындарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық тіледі.
– Құрбан айт – адамгершілік құндылықтарды қадірлеп, төзімділікті уағыздайтын ізгілік мерекесі. Құрбан айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. Ұлық мереке мүбәрак болып, қашанда еңсеміз биік, татулығымыз баянды болсын! – деді аудан басшысы. Алаңда ауыл тұрғындары қазақша күрес, білектесу, асық ату, арқан тарту секілді спорттық ойындардың куә болды. Жалпақтал мешітінің имамы Тілепберген қажы Нұралиев барша жұртшылықты қасиетті ұлық мерекемен құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар тарту етті.

Сондай-ақ аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, мәдениет үйінің алаңында тігілген киіз үйде ақ дастархан басында ауыл ақсақалдарымен кездесіп Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Қасиетті айт күндері барша мұсылман қауымы ізгілікті амалдар жасауға асығады. Әр бір мұсылман баласы айтта тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысына, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілері мен жетімдерге қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық таныту арқылы қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.
— Бүгінгі «Құрбан айт – мерекесі» діні мен ұлтына бөлінбестен, барша Отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке, бір-біріне мейірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мереке.Ұлық мереке құтты болсын, құрметті ағайын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін. Құрбан айт мүбәрак болсын,- деді аудан басшысы Абат Абайұлы.
Аудан әкімі ардагерлерді жастарды мәдени және моральдық-өнегелік тәрбиелеу ісіне атсалысуға, ұлттық әдет-ғұрып пен дәстүрлерімізді насихаттауға шақырды. Мерекелік дастархан басында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, Жалпақтал мешітінің имамы Тілепберген қажы Нұралиев ұсыныс пікірлерін айтып, ақжарма тілектерін жеткізді. Жиын соңында Тілепберген қажы ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, береке бірлік тіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.