22.08.2018, 16:07
Қараулар: 75
ҚҰБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРКЕСІ

ҚҰБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРКЕСІ

Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.
Осыған орай Қазталов ауданы орталығындағы аудандық мешітте таңмен айт намазы оқылса, «Достық» саябағында ұлық мерекеге арналған шара оздырылды. Шараға жиналған көпшілікке Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов пен Қазталов мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов құттықтау тілектерін жеткізді. Шарада ұлттық спорт түрлері арқан тарту, қол күресі және кір тасын көтеруден сайыстар оздырылып, аудан көремөнерпаздары мен Халықтық «Гүлдерайым» әжелер ансамбілі мүшелерінің концерттік бағдарламасы қойылды.
Спорттық сайыстарда жоғары белсенділік танытып, жүлделі орын алғанғандарға естелік сйылықтар табыс етілді.
Шара соңында ауыл үлкендеріне және ауыл тұрғындарына арнайы шалынған құрбандық малдың етінен дәм татқызып, ақ дастархан жайылды. Риза болған ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар ақ баталарын беріп жатты.

Қайрат ЖАҚЫП

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.