22.08.2018, 16:01
Қараулар: 2
ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін барша мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі — Құрбан айт мейрамы басталды.
Қазталов ауданы орталығындағы мешітте айт намазына жиналған жамағат көп болды. Жиналған ағайынға аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтау тілегін жеткізді. Ал Қазталов мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов құрбан шалудың маңыздылығы мен қалай орындалатындығы туралы түсінік бере келіп, — Біз мерекені мерекелік намаз оқудан бастаймыз. Осы мерекелік намазға әуелі жуынып, тазаланып, өзіміз жақсы көретін киімдерімізді киіп, жақсы иіс суларымызды сеуіп, мерекелік намаз оқимыз. Намаздан кейін бір-бірін құттықтайды. Құрбандық малды да намаз оқығаннан кейін ғана сою керек. Ауырып қалған кісілердің көңілін сұрап, марқұмдарға құран бағыштап, дос-жаран, ағайын-туыстың үйіне айтшылап, сыйлық жасағанымыз абзал. Өйткені сыйлық жасау адамдардың сүйіспеншілігін оятады. Сондықтан бір-бірімізді құттықтау, сыйлық жасау, жақсы тілек айту мерекенің сән-салтанатын аша түседі. Мерекеміз құтты болсын! — деді.
Жиналған көпшілік айт намазына тұрып, имамға ұйып, айт намазын оқыды.

Қайрат ЖАҚЫП