22.08.2018, 15:53
Қараулар: 79
ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Жалпақтал ауылындағы аудандық спорт мектебінің залында спорт күні мерекесіне арналған мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті. Волейбол спорттың командалық түрі. Жарысқа Жалпақтал ауылындағы бірқатар мекеме командалары қатысты. Жарыстың бас төрешісі аудандық спорт мектебінің директордың орынбасары Жанболат Нұрқашев жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберлікте көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мемлекеттік қызметшілер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Жалпақтал ауылындағы «КазТрансГазАймақ» командасы 1- орынды иеленді. Жалпақтал ауылдық округі әкімшілгі командасы 2-орынды алса, аудандық спорт мектебінің командасы 3-орынға табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табыс етілді.

Аман ЕСЕН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар