20.08.2018, 11:36
Қараулар: 82
«СПОРТ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

«СПОРТ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес елімізде «Спорт күні» кәсіби мерекесі тамыз айының үшінші жексенбісінде жыл сайын аталып келеді.
Осы орайда 19 тамыз күні Қазталов ауданы орталығында спорт күніне арналған мерекелік шаралар оздырылды. Аудан спортшыларының кәсіби мерекесі күні көпшілік эстафеталық жүгіру старт алып, жүгіруге аудан орталығындағы мекеме ұжымдары, аудан тұрғындары жаппай қатысты. Орталықтағы Шарафутдинов, Садықов, Желтоқсан, Ихсанов, Оразбаева көшелері арқылы жүгіріп өткен көпшілік орталық алаңға жетіп таңғы жаттығу жасады.
Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан спортшыларын кәсіби мерекемен құттықтап, спорттық жарыстарда ауданымыздың намысын асқақтатып жүрген бір топ спортшыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Досжан Ахметов жас спортшыларға алғыс хаттар табыстаса, «Айбын» спорт клубының атынан көпшілік жүгіруге қатысқан ең жас және ардагер спортшылар марапатқа ие болды.
Спорт күніне арналған шара «Достық» саябағында жалғасын тауып, жағажай волейболы мен шахмат сайыстарына ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.