20.08.2018, 11:29
Қараулар: 101
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Ауданымызда сенбі сайын өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жалғасын табуда. Аудан жұртшылығы асыға күтетін аталмыш жәрмеңкенің мақсаты – ауыл тұрғындарын толыққанды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының бағасын төмендетіп, оларды кедергісіз халыққа жеткізу болып табылады.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастырумен оздырылған жәрмеңкеде ауданымыздың Қазталов, Бірік, Тереңкөл, Қайыңды ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары өз тауарларын өткізсе, біреулері бұл күні өзіне керекті қажетті өнімді арзан бағаға сатып алды.
Бүгінде аудан тұрғындарының тауарды таңдап жүріп алуларына мүмкіндіктері зор. Әсіресе, ауыл шаруашығы өнімдері жәрмеңкесінде сатылатын жас ет пен бақша өнімдерінің жөні бір басқа. Сенбі сайын өтетін жәрмеңкеге тұрғындардың көптеп келуі де сондықтан шығар.
Биыл екінші рет өтіп отырған бұл жәрмеңкеде қой, ет, сүт өнімдері, жем және шөп, жұмыртқа, бау – бақша өнімдері тұрғындарға ұсынылды.
Жәрмеңкеден жиылған халықтың көңілін әуелеген әндермен көтеріп, арқан тарту, гір тасын көтері және қол күресі сынды спорттық ойындар да оздырылыды.
Сонымен қатар жәрмеңкеде ауыл жастары лотерея билеттерін ойнатып, ұтқан ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық өнімдеріне ие болды.

Қайрат ЖАҚЫП

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.