20.08.2018, 11:26
Қараулар: 8
ҚАРАӨЗЕНДЕ ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

ҚАРАӨЗЕНДЕ ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Елордамыз Астананың 20 жылдығы және спорт күні мерекесі қарсаңында Қараөзен ауылдық округінің орталығында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин Елбасымыздың халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту тапсырмасының кезең-кезеңмен орындалып отырғанын жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған спорт ардагері Замир Шәкірұлы, «Ақпәтер құрылыс жол» ЖШС басшысы Оралбек Дүйсенғалиев сөз сөйлеп, жиналған спорт сүйер қауымды, ауылдастарды құттықтады.
Алаңның құрылысына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 9 млн. теңге бөлініп, жанкүйерлер отыратын орындықтар, қақпа, жасанды төсеніш төселіпті. Жаңа шағын футбол алаңында Жалпақтал Талдыапан, Ақпәтер, Жаңажол, Қараөзен ауылдық округтері арасында жасақталған командалар арасында футболдан жарыс жалауын желбіретті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар