17.08.2018, 10:57
Қараулар: 33
ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

16 тамыз күні «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Ауыл айнасы» газетінің қызметкерлері аудан жастарымен кездесті. Кездесуде газет редакторы Серік Жұмағалиев бүгінгі баспасөздің қоғамда алып жүрген орны туралы әңгімеледі. Қазіргі уақыт – ақпарат уақыты. Қоғамдағы қандайма жаңалықтар, оқиғалар болмасын ғаламтор желісі арқылы лезде таралып жатады. Оның ішіндегі ақпаратты пайдалануда жастар барынша мұқияттылықты танытуды қажет етеді. Әсіресе, нақтыланбаған ақпараттар оқырмандарға кері әсерін тигізері сөзсіз. Осы орайда аудандық газеттің әлеуметтік желісінде және оның парақшасында аудандағы экономикалық-әлеуметтік дамуындағы жаңалықтармен қатар рухани әрі танымдық бағыттағы материалдар жиі беріледі. Міне, осыған жастар көбірек көңіл аударғандары жөн. Дейтұрғанмен тәрбиелік, имандылық, адами болмысты қалыптастырудағы материалдарға жастардың ой қосулары, ұсыныстары сиректеу. Сонымен қатар 3 мың жарым тиражбен тарап отырған газетке деген сұраныс жастар тарапынан аздау екені байқалады. Әрине, мемлекеттік тапсырыспен қатар ағымдағы ақпараттардың көптігінен жастар жөнінде олардың проблемалары газет бетінде көрінбей қалып жататынын жасырмаймыз. Осыны ескере келе, жастар ақпарат айдынына деген қызығушылығы неғұрлым артса, оның оң әсері болатынын, бұнымен қоса ауданның тынысын жете біліп, оған қосар үлесінің көбейетінін айтқымыз келеді. Қалай болған күнде де ақпарат қоғамға, халыққа қызмет етуі тиіс. Ал оның бас-қасында жастар жалындап жүріп, өздерінің жасампаз еңбектерін көрсетуге ұмтылыс жасау үшін БАҚ өкілдерімен үнемі тығыз байланыста болуын қалаймыз.
Кездесуде жастар тарапынан түрлі тақырыпта сауалдар қойылып, жауаптар қайтарылды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар