17.08.2018, 10:50
Қараулар: 71
БАСТЫ МАҚСАТ — НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

БАСТЫ МАҚСАТ — НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қолдауымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы аясында семинар ұйымдастырды.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің төрағалық етуімен өткен семинарға салалық мекеме басшылары, аудан тұрғындары және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып жатырған тұрғындар қатысты.
Семинарда аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Артур Берденов, аудандық кәсіпкелік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Айбек Акмалиев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметовтер нәтижелі жұмыспен қату, кәсіптік білім беру және кәсіпті дамыту мен жаңадан ашуға байланысты ақпараттар беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар