13.08.2018, 11:36
Қараулар: 35
АҚПӘТЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АҚПӘТЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ақпәтер ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған округ әкімі таныстырылды.
Қазталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 9 тамыз 2018 жылғы Қазталов ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешіміне сәйкес, аудан әкімінің өкімімен Ақпәтер ауылдық округі әкімі лауазымына Нұрхат Сатыбалдыұлы Булаев тағайындалған болатын.
Жаңа әкімді округ активіне аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин таныстырып, Нұрхат Сатыбалдыұлының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Нұрхат Сатыбалдыұлы Булаев 1984 жылы туған, Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар