13.08.2018, 11:34
Қараулар: 48
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚЫЗЫП ЖАТЫР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚЫЗЫП ЖАТЫР

Тамыз айы басталғалы аудан орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі оздырылуда. Мал баққан және бақша салған ағайындар өз өнімдерін халыққа қолжетімді бағамен сатуда.
Әр жұманың сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңке бүгінде қызып жатыр.
Аудан орталығындағы базарға бара қалсаңыз, ет, сүт өнімдерін сөрелерге шығарып тұрған апаларымыздың қасынан жайбарақат өте алмайсыз. Көздің жауын алатын құрт, май, қаймақ, көжені көргенде еріксіз бұрыласыз. Бау-бақшаның дақылдары да пісіп жатырған кез. Қысқа керекті ащы мен тәттіні де осы жерден табасыз. Ал базардың сыртын айналсаңыз, шөп саудасы жүріп жатыр. Бүгінгі күнде әр бума (руллон) шөптің құны 4000-4500 теңгеге сатылуда. Сондай-ақ қой малын сатуға әкелгендер де жоқ емес.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар