10.08.2018, 16:43
Қараулар: 51
АҚЫНМЕН ӨТКЕН СЫР-СҰХБАТ

АҚЫНМЕН ӨТКЕН СЫР-СҰХБАТ

10 тамыз күні рухани жаңғыру жобалық кеңсесінде «Рухани жаңғыру: Туған жер – тұнған тарих» тақырыбында өлкетанушы, тарихшы, ұстаз әрі ақын Сәрсенғали Рахметовпен кездесу өтті.
Кездесуге кітапхана қызметкерлері, оқырмандар мен жастар қатысып, ақын шығармашылығы, өмір жолы мен қызметі жөнінде әңгіме өрбіді.
Ашық-жарқын өткен сыр-сұхбатта Сәрсенғали Рахметов жуырда тұсауы кесілген «Қарақоға. Қараөткел. Көмекші» атты кітабының жазылу тарихы, сол кездегі ізденістері туралы, ақындық өнерге қалай келгендігі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен өскелең ұрпаққа арналған жүрекжарды тілегін тебірене айтып берді.
Кездесу барысында қазақтың қара домбырасымен ән шырқалып, ақынның «Ел осы Көмекші деп аталатын», «Ана», «Кешір әке», «Ағам жайлы», «Сен деп білем» сынды өлеңдерін оқырмандары мәнерлер оқып берді.
Кеш соңында Сәрсенғали Рахметов рухани жаңғыру кеңсесін аралап көріп, осындай әсерлі сыр-сұхбат ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар