10 тамыз күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық мамандықты алып келген түлектерді жұмысқа қабылдау жәрмеңкесі өтті.
Жас мамандарды жұмысқа қабылдау салтанатында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков,- Оқу орнын бітіріп келген жас мамандар бүгін жұмысқа орналаса алмаса да, алдағы уақытта өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша еңбек ететін болады. Сондықтан үміт үзбеу керек. Баршаңызға сәттілік тілеймін,-деді.
Жәрмеңкеге 90 жас түлек қатысуға ниет білдірсе, оынң 62-сі қатысты. Соның ішінде 21-і тұрақты жұмысқа, 9-ы уақытша жұмысқа орналастырылды.
Қайрат ЖАҚЫП