10.08.2018, 10:02
Қараулар: 104
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 25 СЕССИЯСЫ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 25 СЕССИЯСЫ

9 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезекі 13 сессиясы өтті. Сессияда аудан әкімі Абат Шыныбеков аудандық мәслихат депутаттары алдында ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстардан есеп берді.
-2018 жылдың осы кезеніне аудан бюджеті 7 млрд 605 млн. теңгеге жетті өткен жылмен салыстырғанда 105,2 % көп.
Соның ішінде өз кірісіміз 622 млн. теңге түсім түсті, яғни 127,1 пайызға орындалды.
Ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2018 жылдың 6 айында – 1 588,9 млн.теңге (2017 ж. 6 айында – 1 900,9 млн теңге) теңгені құрады.
2018 жылдың 1 шілдесі дейінгі жағдайға аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласында 35 заңды тұлға, 607 шаруа қожалықтары тіркелген. Есепті мерзімге шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 89099 басты құраса, қой мен ешкі – 310967 бас, жылқы – 24472 бас, түйе 213 басқа жетті.
Ауданымыздың шағын және орта бизнес саласында 1323 субъектілер тіркелген, олар жергілікті бюджетке 24673,0 мың. теңге салық төлемдерін түсірді.
Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласы көрсетілген қызмет пен өндіріс көлемі 153,1 млн теңгені құрады.
Кәсіпкерлік картасына енгізілген жалпы құны 192,5 млн. теңге болатын 37 жобанын 17 жобасы 134 млн.тенге құрайтын жүзеге асырылуда, 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Есепті мерзімде экономиканың барлық салаларында 325 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы 343 адам жұмысқа орналасып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17 адамға көбейіп отыр.
Сонымен қатар «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде нысандардың жалпы құны –2 318,4 млрд. теңгені құрайтын жұмыстар 13 елді-мекенде іске асуда. Бүгінде 9 елді мекенде жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ аудан орталығында ағымдағы жылы 87,615 млн.теңгеге саз мектебі және 112,666 млн.теңгеге Жалпактал ауылында 12 пәтерлік 2 этажды тұрғын үй салынуда.
Газ мәселесіне келсек, 13 елді мекенді (Көмекші, Көктерек, Оразғали, Жұлдыз, Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан, Қособа, Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек) газбен қамту жұмыстары жалпы құны 1,486 млрд. теңгеге іске асуда.
Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына тоқталсақ, облыс орталығынан ауданға жол тарту жұмыстары жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Қазталов ауылішілік жолдарын (Желтоқсан, Сауанов, С.Датұлы, Тәуелсіздік, А.Оразбаева, Даниялов көшелері) ұзындығы 3,1 шақ. және ұзындығы 1,3 шақ. тротуар (Сауанов, С.Датұлы, А.Оразбаева) барлығы 230256,0 мың.теңге қаражатқа сонымен қатар, Жаңажол ауылына кіре беріс және ауылішілік жолдарын ұзындығы 7,4 шақ. күрделі жөндеу барлығы 691066,0 мың. теңге қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осындай атқарылған жұмыстармен қатар жобалары жасалып жатырған жұмыстар да бар, -деді аудан әкімі Абат Абайұлы.
Сессияда аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Артур Берденовтың «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ауданда орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Сессияда басқа да мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.